2020 жылғы ақпан айының мерейгерлері

ақпан

Кожамкулов Доспол Токанович

Туғанына 90 жыл

 

   Доспол Кожамкулов  бала  шағынан  жұмыс істеп  бастады, соғыс жылдары 11 жасар  бала  заготконторға  астық тасыды, өзі қатарлы балалардың  арасында бригадир болды. 1955 жылы Доспол Токанович Алматы  тау кен институтын бітіріп, жаңадан құрылып жатқан ССКӨБ келуге бел байлады, өйткені оның ата-бабалары Тобыл жағасын мекендеп, 20-жылдары репрессияға  ұшырап, Семей  облысына  ауыстырылған еді.

Кожамкулов жұмысын тау шебері болып бастап, кейін ауысым бастығы, одан соң Соколов кен орынында бас инженер болды. 60 жылдары Лисаковск және Қашар Кен байыту комбинаты салынып басталды. Доспол Токановичке Қашар кен байыту басқармасының өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы қызметі ұсынылды, кейін ол бас инженердің орынбасары болып тағайындалды.

ДосполТокановичКожамкулов  «Ерен еңбегі үшін» медалімен,сонымен қатар одақтық, республикалық және  жергілікті марапаттаулар мен үздік  белгілерге ие болды. Одан өзге оның теңдессіз әдеби дарыны болды, газеттерге мақалалар жазып, «Қазақстан шаңырағы»  тарихи эссесін жасады.Доспол Токановичтің қазасынан кейін  2012 жылы оның жесірі Доспол Токановичтің көп жылдар бойы жазған материалдары, мақалалары, естеліктері енгізілген екі  кітабын алып келіп тапсырды – кітаптар «ССКӨБ АҚ  алғаш қадам  басушылар», «Батырлар қатарынан».

Leave a Reply

Яндекс.Метрика