2020 жылғы ақпан айының мерейгерлері

16  ақпан

Пигарев Виктор Михайлович

Туғанына 85 жыл

 

Виктор Михайлович Пигарев 1935 жылы  16 ақпанда Қостанай облысында дүниеге келді.  1960 жылы Пермск тау кен  институтын бітірді. Жолдамамен ССКӨБ  жұмыс істеуге келді. Сарбай КБ  тау кен шебірі болып, бөлім бастығы,өндірістік бөлімнің бастығы, бас инженер болып жұмыс істеді.

1975 жылы қара металлургия  Министрінің  бұйрығымен Қашар кен байыту комбинатының құрылысына бас инженер қызметіне  тағайындалды. 1977 жылы Виктор Михайлович Қашар КБК директоры болды.1996 жылы зейнетке шығып Қашар кентінің әкімі болып сайланды.

Виктор Михайлович Пигарев Қазан  революциясы, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі»  ордендерімен, В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған медальмен, «Шахтер даңқы» I, II, III дәрежелі  төсбелгілерімен және көптеген марапаттар, мақтау  қағаздарымен  марапатталды.

 

Leave a Reply