«Қазақстан-достық елі» мәдениет фестивалі

«Қазақстан-достық елі» мәдениет фестивалі  2020 жылдың 1 наурызында Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді.

Біздің еліміздегі әрбір мереке көпқырлы, көптілді: достық шеңберінде қазақ домбырасының  ғажайып үнін, орыстың  көңілді  әуендерін және  татар-башқұрттың жанды  өлеңдерін  тыңдауға болады.

Іс-шара  жүргізушісі  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен 1995 жылдың 1 наурызында  ҚХА (Қазақстан Халықтар Ассамблеясы) құрылғаны жайында, оның мемлекет саясатындағы  маңызы, сонымен қатар – Алғыс айту күні мерекесінің  пайда болуы  туралы   айтып өтті. Нәтижеде қазақстандықтардың ынтымағы мен бірлігі біздің ширек ғасырдағы жеткен жетістіктеріміздің көрінісі іспетті. Қазақстандықтарды алда үлкен болашақ күтіп тұр.

Бүгінде біздің қаламызда  69  ұлт  өкілі өмір сүреді.

Рудныйлықтарды өз халықтарының  музыкасымен  жақыннан  таныстыру үшін фестивальға Рудный қаласының шығармашылық ұжымдары келді:  қазақ  әндерінің  халық  ансамблі «Жадыра», орыс әндерінің  халық  ансамблі  «Калина»  және татар-башқұрт ансамблі  «Байрам».

Әр ұжым өздерінің дәстүрлі,таеатрландырылған, концерттік бағдарламаларын  көрсетті. Шығармашылық ұжымдар  қоғамды өзге ұлттардың өнері мен мәдениетіне қызығуға, тұлға аралық және ұлтаралық қарым қатынаста құрмет  көрсетуге  шақырады.

Іс-шараға қатысқандары үшін  шығармашылық  ұжымдар  алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.

Leave a Reply