Күнтимес, Шоқан Уәлихановтың туған ауылы

Сарыкөл ауданында орналасқан Күнтимес ауылы Қостанай облысының сакралды орындарының бірі. Кейбір мәліметтерге сүйенсек этнограф, саяхатшы, дипломат, ағартушы, ғалым Шоқан Уәлиханов осы жерде туылып, өмірінің бастапқы уақытын осы жерде өткізген. Орыс патшасының қол астында болған Шыңғыс өзі осы ауылды осындай көркем есіммен атаған. Оның осы жерде қалуы таңғаларлық жағдай емес. Себебі бұл жер ай далада орналасқан оазис секілді еді. Ауылдың жан-жағынан қарағайлы орман қоршаған бұл жерге күннің көзі тие бермейді, сол үшін бұл жер «Күнтимес» деп аталған. Ауыл 1834 жылы Шыңғыс Уәлиханов Аманқарағай аймағының сүлтаны болғанда, табиғи шекара ретінде өз бастауын алған. Сұлтанның бұйрығы бойынша орман ортасынан адамдардың кіріп-шығатын жолы жасалып, ал қалған жері табиғаттың сыйы ретінде өз қалыбында қалған.

     Тарихи мәлеметтер бойынша Күнтмиес ауылында Шоқан Уәлихановтың өз үйі болған деседі, ол онда 1842 жылға дейін өмір сүріп, одан кйін Құшмұрын қамалына көшіп кеткен. Үй жанындағы мешіт-медресені Шоқан Уәлихановтың әкесі ұлының туылуына байланысты салып берген. Бірақта ол мешіт-медресе большевиктер кесірінен жойылып кетті. Тек жақында ғана ауыл тұрғұндары қаржы жинап, мешіт тұрған жерге ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ескерткіш орнатты. Саябақты бұзып, ескерткішке орын дайындады. Кейбір ауылдың тұрғұндары бейжай қарамай идеялар жәрменкесінде Шоқан Уәлихновтың ескерткішін орнатуға жарты миллион теңгелік грант ұтып алды. 2017 Жылы Шоқан Уәлихновқа арнап ескерткіщ орнатылды.

Шоқан Уәлихановтың Күнтиместе туылғаны жайлы 18ғасырдың 50 жылдары Әлкей Марғұлан өз жүмыстарында жазып кеткен. ал оны тарихшы Манаш Қозыбаев өз еңбектерінде растады. Совет кезінде ауыл есімі бірталай өзгерген болатын, тек Шоқан Уәлихановтың 150 жылдыға ауылға өз тарихи есімі берілді.

Шоқан Уәлихановтың осы жерде туылғанына ең маңызды дәлел өз картасы болып саналады, ол картасында Күнтиместі біздің үй деп белгілеп қойған. Бүгінгі таңда Күнтимес ауылы ең жақсы күндерді өткізіп жатқаны жоқ. Бұрыңғы байлықтан тек көлеңкелер қалды. Қиын кезеңдер кезінде ауыл тұрғындары қалаларға көшіп кетті, қазырғы таңда ауылда өте аз тұрғындар қалды. Бірақта ауыл тұрғындарының туған жеріне деген махаббаты мен сүйіспеншілігі өз ауылдарының Қазақстан аумағындағы киелі орындар қатарында көргісі келеді. Күнтимес ауылының табиғаты, орналасқан жеріне назар аударсақ, оның Қазақстанның туристтік жерлерінің біріне  айналуының мүмкіншілігі бар.

 

 

Leave a Reply