13 тамыз
Охрименко Валентина Харитоновна
Туғанына 85 жыл
Охрименко Валентина Харитоновна 1935 жылы 13 тамызда Урицк кентінде дүниеге келді. 1954 жылы Қарағанды қаласының жас жұмысшылар мектебін тамамдап, кейін Повстанческ көшесіндегі Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында екі айлық кітапхана ісі бойынша курста оқыған. 1954 жылы 16 тамызда Урицк ауданындағы Сорочинск кітапханасына меңгеруші болып тағайындалды. Мамыр айында Урицкідегі балалар кітапханасына ауыстырылды. 1957 жылы Семейдегі кітапханашылық техникумын тәмамдап,1959 жылы Урицкідегі аудандық кітапханаға меңгеруші болып, өлкетанумен айналысады. Туған өлке жайында, кітапхананың құрылуы жайында материалдар жинап, масштабты іс шаралар өткізеді.
1960 жылдың қазан айында Рудный қалалық мәдениет бөліміне инспектор қызметіне шақырады. 1963 жылы Ленинградтың Н.К.Крупская атындағы мәдениет институтын үздік бітіріп,1964 жылы Орталық қалалық кітапханасына меңгеруші болып тағайындалды.Охрименко Валентина Харитоновна барлық мәдени және қоғамдық саяси іс шараларға белсене қатысты.Ол өте инициативті және тәртіпті адам,идеялар туындатушы.
Рудный қалалық партия комитетінің шешімімен Валентину Харитоновна ТУ № 2 ауыстырылып, ол жерде саяси экономикадан сабақ берді, қоғамдық саяси жұмыстар жүргізді, іс-шаралар өткізді.