26 қыркүйек
Губенко Николай Иванович
70 жас
Николай Иванович Губенко 1950 жылы 26 қыркүйекте Қостанай облысы, Ленин ауданы, Ленинское ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын үздік бітірді. Бөлу кезінде оны Рудный қаласындағы қалалық ауруханаға жіберді. 1973-1975 жылдары травматолог болып жұмыс істеді. 1975 – 1977 ж.ж. – жедел медициналық жәрдемнің бас дәрігері. 1977 жылдан – қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы, денсаулық сақтау ісінің үздігі. Қаладағы денсаулық сақтау жүйесін басқарған Николай Иванович сонымен қатар емдеуші дәрігер болды.