Ұлы даланың киелі жерлері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. «Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі – неше ғасыр өтсе де, бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол – ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі» – деді Елбасы.
Ұлы даланың тарихынан талай сырды шертетін киелі жерлер, құпиясы көп қасиетті мекендер көп-ақ. Халық санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру мақсатында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бекітілді. Отырар, Домалақ ана, Айша бибі, Арыстан баб , Ахмет Иассауи, Домбауыл кесенесі, Кейкі батыр кесенесі және әр өңірдегі киелі орындар да бар. Осындай орындарды білуіміз көптеген нәрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді, біз халықтың санасына жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Осыған байланысты, Киелі мекен географиясының құрылуы – адамның рухани баю мәселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика