2022 ж. мерейгерлері

18 қаңтар

Наум Григорьевич Лисин

туғанына 110 жыл

(1912-2000)

 

 1912 жылдың 18 қаңтарында Белоруссиядағы Рогачев ауданының Городец қаласында дүниеге келген. 7 сыныпты бітірді, 16 жасында Днепропетров қ. электрдәнекерлеушінің шәкірті болып жұмысқа тұрды. Кәсіптік техникалық мектепті және техникумды, сондай-ақ инженерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітірді. Днепрогэс құрылысында, Мәскеу – Волга каналын салуда, Рыбинск гидроторабы құрылысында жұмыс істеді. Халкин-Гол өзенінде жапондармен ұрыста қорғаныс қамалдарының құрылысында, ал 1941 ж. – Мәскеуді қорғауда қатысқан. Кейінгі жылдары Сібірдегі гидротехникалық ғимараттардың құрылысында инженерлік басшылық жұмыстарды атқарды.

Жауынгерлік және еңбек сіңірген еңбегі үшін 2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Германияны жеңгені үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалдарымен марапатталды.

Еліміздің ірі құрылыстары – «Днепрстрой», Мәскеу-Волга каналы, Рыбинск су торабы, Нижне-Тагиль металлургия зауытындағы жұмыс тәжірибесі бар ол Рудный қаласына 1960 жылы келді.

Рудныйда «Соколоврудстрой» трестінің бас инженерінің орынбасары, трест басшысының орынбасары және 1966 жылдан бастап, фабрикалық кешеннің қарқынды құрылысы кезеңінде – күрделі құрылыс жөніндегі ССКӨБ директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

1994 жылы Белорусиядан АҚШ-қа қоныс аударды. 2000 жылдың қазан айында қайтыс болды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика