«Жастарға жастар туралы»(Жаңа танысулардың онлайн сағаты)

Қазақ халқы күй өнерін ерекше кие тұтып, күйшісін айрықша
қастерлеген.

Күй өнері – тарихтың өткені мен бүгіні. Күйдің өз тыңдаушысы,
оны жанымен ұғып бағалайтын өнер сүйер қауымы баршылық және олардың
көкжиегі кеңейе түсуде.

Күй біздің мәдениетіміз бен тарихымыз. Сондықтан да қазіргі заманда
жастардың бойына осы рухани байлығымызды жеткізе білу күйшілердің
парызы бола бермек.
27 сәуір күні Орталық қалалық кітапханада «Жастарға жастар
туралы» кітапханалық жобасы аясындағы кезекті кездесудің жаңа танысулар
онлайн сағаты өтті.
Іс-шараны өткізудің мақсаты: Ұлттық өнерге деген жастардың
қызығушылығын ояту, өз елінің тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін үйрену,
өз халқының күйшілерін тану. Өнер адамдарына деген құрмет сезімдерін
тудыру, отанды сүюге патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Іс-шарада, бүгінгі кездесуіміздің құрметті қонағы қаламыздың
дарынды, өнерлі ұланы, Рудный музыкалық колледжінің Қазақ ұлттық
аспаптары бойынша домбыра-күйшілік бөлімінің IV курс студенті,
«Шабыт» республикалық байқауының гран – при және 1- орын иегері
Абылайхан Ердәулетовтің шығармашылық өнер жолына толық тоқталды.
Кейіпкеріміздің қызықты күндерінен естелік үшін түскен суреттері
мен осы өнер жолындагы берілген марапаттары таныстырылды. Кездесу
барысында кейіпкеріміз домбырада күй атасы Құрманғазының «Адай» күйі
мен «Шабыт» байқауында жеңіске жеткізген, Н. Тілендиевтің «Баламишка»
күйін және фортепьянода халық әні «Екі жирен» ді орындады.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика