2024 жылғы тамыз айының мерейгерлері

30 тамыз

Евгений Иванович Верёвочкин

90 жаста (1934 – ?**)

     Евгений   Иванович   Верёвочкин  1934 жылы 30 тамызда Новгород облысының Чапаев ауылында туған. Рудныйға

1956 жылы келген. Соколов кенішінде слесарь, содан кейінэкскаватор машинисінің көмекшісі, экскаватор машинисі болып жұмыс істеді. 1965 жылы Рудный индустриялық техникумын «Өнеркәсіп кәсіпорындарының электр жабдықтары» мамандығы бойынша бітірген. Октябрь Революциясы ордендерімен және Еңбек  Қызыл Ту, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген кеншісі болып табылады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1981 жылғы 2 наурыздағы Жарлығымен табысты еңбегі үшін оған Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин ордені мен «Орақ пен балға» алтын медалі тапсырылды. 1996 жылдан бері Евгений Иванович еңбек сіңірген демалыста, Рудный қаласында тұрады.

  1. Рудный. 1957 – 1997 [Мәтін] / [Н. Я. Князеваның жетекш. авторлар ұжымы]. – Қ останай, 1997. – Б. 192.
  2. ССГПО вчера, сегодня, завтра [Мәтін]:Взгляд сквозь десятилетия / құраст., шығарылымға жауапты С. Хрулев. – М. :Элита России, 2004. – Б 37, 42.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика