20 наурыз
Виктор Иванович Торунов
туғанына 85 жыл
(1940 -2013)
Виктор Иванович Торунов – талантты суретші және педагог болған еді. Нижний Новгород өлкесінде шаруа отбасында дүниеге келді. Мектепті бітіріп, көркемөнер училищесіне түсті, содан кейін Ярославлде жұмыс істеді. 1960 жылы Рудныйға келіп, «Строитель» Мәдениет үйіне суретші – безендіруші болып жұмысқа орналасты.
1963 жылы Пионерлер үйінің барақ ғимаратында алғашқы изостудиян ашты, 1979 жылы Рудныйдың көркемөнер мектебі ашылды, онда Виктор Иванович 18 жыл директор болып істеді. 1996 жылы өзі ұстаз болған Рудный педагогикалық колледжінде көркемдік-графикалық бөлімнің ашылуына ұйытқы болды. 2000 жылы Виктор Иванович Торуновтың бірінші жеке көрмесі ашылды, онда 20 жұмыс – портреттер, пейзаждар, натюрморт қойылды.