28 сәуір
Сергей Николаевич Болотников
туғанына 65 жыл
(1960 -1980)
Болотников Сергей Николаевич 1960 жылы 28 сәуірде Қостанай облысының Рудный қаласында туылды. 1975 жылы № 19 орта мектебінің 8 сыныбын бітірді, кейін № 149 ОКТУ ға грохотовщик мамандығына оқуға түсті. 1979 жылы ОКТУ ды аяқтағаннан кейін ССКӨБ кен байыту фабрикасына жұмысқа орналасты.
25 қараша 1979 жылы Талдықорған облысының Панфилов қаласында Сыртқы Қарулы күштерде әскери қызметін атқарды. 1980 жылы Сергейді Ауғанстанға пулеметші етіп жіберді. 1980 жылдың 24 қыркүйегінде Кунар провинциясының Бач ауылының маңында болған бір ұрыста ол қолынан жарақат алды, бірақ оқ жаудыруды тоқтатпады. Кейін ол тағы да жараланды, бұл жолы жарақаты ауыр еді. Жолдастары Сергейді оқ астынан шығарып көлікке алып келді, бірақ ол сол жерде қаза тапты.
Сергей Болотников өлеңдер мен әндер жазды, олардың барлығы Рудный өлкетану мұражайына қойылған. «Здесь, в далекой стране…», «Наш батальон уходит на задание» өлеңдері 1988 жылы «Молодая гвардия» баспасынан шыққан «Когда поют солдаты» әндер жинағына енген.
Сергей Николаевич Болотников қаза болған соң Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. ОКТУ № 149 ескерткіш тақта ашылды.
1980 жылдың 3-қазанында Рудный қаласының зиратына жерленді.