2025 жылғы қазан айының мерейгері Ілияс Аманұлы Екібаев

8 қазан

Ілияс Аманұлы Екібаев

100 жас

(1925)

Ильяс Екібаев, Таран ауданының Қаратомар ауылында туған Ілияс Екібаев 18 жасында майданға аттанды. Бірінші Украина және бірінші Беларусь майдандарының 54-ші жаяу әскер полкінде қызмет еткен.

Ефрейтор Екібаев үш әскер түрі бойынша шайқасты: алдымен жаяу әскерде, жараланғаннан ткейін оқып минаатқыш болды, екінші жарланғаннан кейін байланысшы болды. Майдангер бүкіл соғысты жүріп өтті, Варшаваны азат етті, Курск доғасында гитлершілермен соғысты, бораған оқ астында Днепр арқылы жүріп өтті, Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа шабуыл жасау кезінде майдан байланысын қамтамасыз етті және  тіпті Рейхстаг қабырғаларына да қол қойды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Ілияс Аманұлы үшін қызмет аяқталған жоқ, ол кезде тағы да төрт жыл қызмет ету керек еді. Сондықтан ол туған Қостанай облысына 1949 жылы ғана оралды. Оралғаннан кейін тың жерді көтеріп, моторларды жөндейтін механизатор, слесарь болып жұмыс істеді.Қазіргі таңда Рудный қаласында тұрады.

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика