2025 жылғы қазан айының мерейгері Төлеухан Нұғанұлы Нұғанов

16  қазан

Төлеухан Нұғанұлы Нұғанов

туғанына 95 жыл

(1930 – 2013)

Төлеухан Нұғанұлы Нұғанов 1930 жылы 16 қазанда  Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданы Ақ-Бұлақ ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда Төлеухан 11 жасқа да толмаған еді. 1942 жылы сүт фермасының есепшісі, одан кейін далалық бригада есепшісі, қоймашы болды. 1946 жылы ол оқуын жалғастырып, жеті жылдық мектепті бітірді. Содан кейін Жамбыл атындағы Өскемен интернатын үздік аяқтап,  Алматы тау-кен институтына түсті.

1956 жылы Рудныйға келіп, Сарыбай кен басқармасында 25 жыл еңбек етті. Тау-кен шебері болып бастап,  1958 жылы оны автоүйінділер мен автожолдар учаскесінің, өндіру учаскесінің бастығы етіп тағайындады. 1967 жылдан бастап – жаңа техниканы енгізу жөніндегі бас инженердің орынбасары, 1974 жылдан – жоспарлау бөлімінің бастығы, 1977 жылдан бастап – кеніш комитетінің төрағасы болды. 1979 жылы Сарыбай кен басқармасы партия комитетінің хатшысы болып сайланды.

Бастамашыл, білікті басшы, қамқор, принципшіл тұлға ұжымда өзіне лайықты құрметке ие болды осы қасиеттері оған 1982 жылы Рудный қалалық халықтық бақылау комитетін, ал 1990 жылдан 1995 жалға дейін – қалалық күзет және табиғатты қорғау басқармасын басқаруға мүмкіндік берді. Келесі  15 жылда Нұғанов Халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты міндетін және тағы 10 жыл – Қазақстан компартиясының Рудный қалалық комитетінің бюро мүшесі қызметін адал атқарды.

Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, Төлеухан Нұғанұлы қоғам өміріне белсене араласты: «Қазақ тілі» қоғамын басқарды, қаладағы алғашқы мешіттің құрылысына елеулі үлес қосты, оның басқарма төрағасы болды.

Оның жанкешті еңбегі Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Еңбегі үшін» медалдарымен мароапатталған, ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің және қара металлургия министрлігінің құрмет грамоталарына, еңбек ардагері. Төлеухан Нұғанұлына 1997 жылы Рудный қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика