29 қазан
Андрей Семенович Гринев
туғанына 100 жыл
(1925 – 2015)
Андрей Семенович Гринев 1925 жылы 29 қазанда Қостанай облысының Викторовский ауылында дүниеге келген. 1943 жылы қаңтарда әскер қатарына шақырылды. Бірінші Украина майданында 213-атқыштар дивизиясының құрамында соғысып, сержант шеніне жетті. Киев, Харьков, Житомир қалаларын азат етуге қатысып, Винница маңында жараланған. Содан кейін ол Польша мен Германияны ұрыстармен жүріп өтті, Чехословакияда соғысты аяқтады және Эльбадағы одақтас әскерлермен кездесуге қатысты.
1950 жылдың мамыр айында Андрей Семенович Сарыбай геологиялық барлау экспедициясына токарь болып жұмысқа орналасып, зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді. Оның еңбек кітапшасында көптеген мақтау қағаздары, алғыс хаттар, марапаттар туралы жазбалар бар.
Андрей Семенович Гринев 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 1971 жылы 17 наурызда Гриневке ұзақ және мінсіз қызметі үшін Солтүстік Қазақстан геология басқармасының Еңбек ардагері атағы берілді. Жеңіс күнінің 60 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолы қойылған Алғыс хатқа ие болды.