Кітапхана – мәдени диалог орталығы: ұрпақтарды біріктіреміз

«Кітапхана – мәдени диалог орталығы: ұрпақтарды біріктіреміз» атты талдау-практикалық семинар 2026 жылғы 28 қаңтарда Орталық қалалық кітапханада өтті. Семинар барысында ОКЖ кітапханашылары мен бөлім меңгерушілері 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға арналған жоспарларды талқылап, әртүрлі ұрпақтармен жұмыс жүргізу бойынша тәжірибе және жаңа идеялармен бөлісті.

Мәдени-ағартушылық қызметтің нәтижелері, қорларды толықтыру, ақпараттық-библиографиялық жұмыс және оқырмандар аудиториясының статистикасы талданды. Кітапхананың мәдени жадыны сақтаудағы рөлі, өлкетануды дамыту, волонтерлік және инклюзивті тәжірибелер, ұрпақтар арасындағы диалог, сондай-ақ цифрлық және онлайн жобаларды қоса алғанда, заманауи жұмыс форматтарын енгізу мәселелеріне арналған тақырыптық баяндамаларға ерекше назар аударылды.

Семинар «Рудный ОКЖ кітапханаларының үздік тәжірибелері» атты шағын сауалнама нәтижелерін таныстырумен және 2025 жылы «Жылдың үздік кітапханасы» дипломымен № 6 кітапхана-филиалын марапаттаумен аяқталды. Ұйымдастырушы және модератор – әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Светлана Городничая.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика