Мамыр айының мерейгері Майя Сергеевна Рощина

25 мамыр

Майя Сергеевна Рощина

туғанына 90 жыл

(1936–2014)

    60-шы жылдардың басында жас Майя Рощина Твер облысында мәдениет училищесін бітірді кейінірек оны, Ленинград мәдениет институты деп өзгертті, және клубтық жұмыс әдіскері мамандығын алды. Біраз уақыт Калинин облысы Оленин аудандық мәдениет үйінің директоры және көркемдік жетекшісі болып жұмыс істеді.

Келген туыстарынан ол қазақ даласында салынып жатқан жас қала туралы біліп, аудандық Мәдениет үйінде жұмыс істегеннен гөрі көп нәрсе алғысы келді. Майя Рудный мәдениет бөліміне хат жазды. Оның хаты көптің бірі болды, бірақ мәдениет бөлімінің меңгерушісі Олег Задарновскийдің таңдауы оған түсті, ал Майя Сергеевна сол жас, жалынды жұмысшылар, құрылысшылар мен кеншілерге толы жас қаланың мәдени өмірін ұйымдастыруға қатысатын бақытты әйел болып шықты.

Рудный қаласындағы оның алғашқы қызметі – Комсомол кентіндегі № 8 автобазаның жұмысшылар клубының жетекшісі болды. Бұл ағаштан соғылған құрылыс еді, ал кіреберістің алдында үлкен шұңқыр болды, оны Майя Сергеевнаның өзі дұрыстады. Сол жерде алғашқы іс-шаралары өтті. Жас маманның жанкештілікпен істеген жұмысын байқамау мүмкін емес еді. 1964 жылдың қыркүйегінде Майя Сергеевна «Строитель» МҮ директоры болып ауыстырылды және үш жыл ішінде Мәдениет үйіне келушілер саны көп болғаны сонша, мұнда оқушылар үшін орын да, уақыт та қалмады.

Сол кезде БЛКЖО атындағы кинотеатрды мамандандырылған етіп балаларға арналып қайта құру шешілді. Рощинадан өзге директордың кандидатурасы болмады және ол оны 12 жыл басқарды. Кеңестер заманында «ең ұлы өнер» – кино арқылы балалар тәрбиесіне зор көңіл бөлінетін еді. Майя Сергеевна өзі үшін бірінші өсиетті анықтады – «педагогиканы үйрену» және тез арада, әр қызметкер жас келушілерге «ата-ана» және «мұғалім» ретінде қарау керек болатын  өзіндік оқу-тәрбие ұжымын құрды. Мүмкін содан болар БЛКЖО атындағы рудныйлық кинотеатр Бакуда, Ригада, Свердловта өткен бүкілодақтық семинарларда Қазақстан  Республикасын таныстырды. ХШЖК-де кинотеатр күміс медаль иегері атанды.

АХАЖ бюросына меңгерушілік етуге кандидатура мәселесі туындағанда  заведование ЗАГС, Рощина адамдардың сеніміне құрметпен қарады, осы қызметке 16 жылын арнады. Бұл оған мүлде басқа жаңа қызмет түрі еді, ол адамдармен қуанышы мен қайғысын бөлісті, бұл оның күндерін алаңдаумен, түндерін ұйқысыз етті. Оның әрекетшіл, тынымсыз табиғаты тыныш жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеді. Оның күш-жігерінің арқасында бұл қарапайым мекеме тек облыстың ғана емес, республиканың да әдістемелік жұмыс орталығына айналды. Мұнда жаңа рәсімдер дүниеге келді, ұмытылған ескі рәсімдер оралды, отбасылық мерейтойларға арналған мерекелер өтті. Барлық жерде және барлық нәрседе басшы Майя Сергеевна Рощинаның талғамы, әдептілігі және қайтпас қуаты сезілді. Ол «Жас отбасы клубын» құрды, онда тәжірибесі бар ерлі-зайыптылар мен тек жас отбасылар отбасылық өміріндегі жағымды тәжірибелерімен бөлісуге және араласуға мүмкіндік алды. Қарым-қатынастың бұл әдісі көптеген некелерді сақтауға және нығайтуға көмектесті. Ондаған жылдар өтсе де, оған барлық жерден, соның ішінде алыс шетелден де алғыс айтқандары бекер емес.

Өмір бойы көп еңбек етуге үйренген Майя Сергеевна зейнеткерлікке шыққаннан кейін де белсенді өмір салтын өзгерткен жоқ. 1985 жылы оның көмегімен қаланың Яновтар отбасылық ансамблінен танымал орыс ән хоры – Калина халық хоры құрылды. Ол онда ән айтып қана қоймай, сценарийлер мен қойылымдарға да көмектесті. Өзіне тән тартымды қарым-қатынасы мен көркемдік кәсібилігі үшін Майя Сергеевна хор жетекшісі болып сайланды. 28 жыл бойы ол өзінің ұйымдастырушылық тәжірибесін, шығармашылық талантын, орындаушылық шеберлігін және харизмасын хорға көшбасшы ретінде арнады. Ол шын мәнінде «Калина» хорының жаны болды және оның қатысушылары Майя Сергеевнаның сіңірген еңбектерімен тәрбиеленген дәстүрлерге адал болып қала береді.

Майя Сергеевна Рощина әрдайым мәдениет мекемелерінің қызметін ұйымдастырушылар мен көркемөнерпаздар ұжымдарын құрушылардың алдыңғы қатарында болды. Ол қай жерде жұмыс істесе де, әрдайым шығармашылық, қуаныш пен мейірімділік атмосферасы орнады, оның айналасында пікірлестер – белсенді, талантты адамдар мен сенімді достар жиналды. Оның кәсібилігі, кез келген іске шығармашылық көзқарасы, ең қиын жағдайларда оңтайлы шешім таба білуі, өмірлік оптимизмі мен күшті рухы жас ұрпаққа үлгі болып табылады.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика