Туған өлкем – сен жүрекке қымбатсың…

Орталық қалалық кітапханада Юбилейный мектеп жанындағы лагерінің оқушыларына арналған «Туған өлкем – сен жүрекке қымбатсың…» атты туған өлке бойынша виртуалды экспедиция өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар Қостанай облысының көрікті табиғатымен, тарихи және мәдени орындарымен виртуалды түрде танысып, туған өлке туралы қызықты мәліметтер білді.
Виртуалды экспедиция балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ел тарихы мен табиғатына қызығушылығын оятты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика