“Отбасы – бұл демек біз біргеміз”

Отбасы күні – махаббат, қамқорлық, қолдау және өзара түсіністіктің маңыздылығын тағы да еске түсіруге мүмкіндік.
Қазақстандағы Отбасы күнін атап өту үшін Орталық қалалық кітапхана РПТК студенттері үшін отбасылық құндылықтар мен жақын адамдар арасындағы қарым-қатынасқа арналған жағдаяттық әңгіме- диалог өткізді.
Кездесу мазмұнды, қызықты және шынайы жылы атмосферада өтті. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап берді, өз пікірлерімен бөлісті және берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Барлық қатысушыларға ынталары, жақсы көңіл-күйлері және ашық әңгімелері үшін алғыс білдіреміз!

Leave a Reply

Яндекс.Метрика