2019 жылғы қантар айының мерейгерлері

наурыз

Говорухина-Семёнова Нина Ивановна

туғанына 95 жыл (1924)

 

Нина Ивановна Говорухина  1924 жылдың 9 наурызында дүниеге келді. 1942 жылы оны майданға шақырды . Нинаны арнайы дайындықтан өткен байланыс батальонына  Свердловскіге шақырды.  Нина Ивановна   Смоленск  маңындағы  бөлімшеде қызмет етіп,  соғыста  Белоруссия,  Польшаны азат етті. 1945 жылдың сәуір айында құрамында Нина Ивановна ерлік көрсеткен  бесінші  әскер  Жапониямен күреске Қиыр Шығысқа барды.Муллин, Мудань-цзянь, Дуньхуа,   Харбин,   Гириндермен қатар екінші  майдан жолына аттанған аға сержант Нина Говорухина екі ұлы майданда да Кеңес одағы халқының жеңісінің  қатысушысы болды.

Үш жыл қатарынан әскерде қызмет етіп, бес дүркін майдан марапаттарына ие болған, Нина Ивановна Говорухина  туған ауылы Боровойға   қайта оралды. Отбасылық дәстүрлерді сақтай отырып, ол өзінің  өмір жолын  педагогикаға арнады. Соғыстан  оралған бойы ол  мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Нина мен бірге майданнан  оның сүйіктісі  Михаил  Семёнов та бір мезгілде  оралды.  Ол да мұғалім болып жұмыс істеуді жөн көрді. Олар тез арада үйленіп Рудный қаласына қоныс аударды.  Бұл жерде, №1 орта мектепте Нина Ивановна Говорухина-Семёнова  жиырма жыл үздіксіз еңбек етіп, «ҚазақССР халық ағарту ісінің үздігі»  құрметті атағына  ие болды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика