14 қазан
Галашов Александр Васильевич
Туғанына 80 жыл (1939)
Александр Васильевич Галашов 1939 жылы 14 қазанда дүниеге келді. Ол Рудный қаласына белгілі фотограф, фотосуретші. Фотографиялармен танысу 1954 жылы Александрдың туған күніне әкесі «Комсомолец» атты кең пленкалы аппарат сыйлаған күннен басталды.Алғаш түсірілімдер – бұл әрине ата-анасы мен қарындасы болды. Александр Васильевич Қиыр Шығыстағы Приморск өлкесіндегі байланыс взводында әскери қызметте болды. Суретке түсірумен айналысқаны бұл жерде де көмегі тиді, басшылық оның суретке түсіре алатынын біліп дивизиялық газетке көмекші етіп тағайындады. 1962 жылы әскери қызметтен босатылған ол Рудныйға көшіп келді. Алғашында кез келген жұмыста істеп жүріп, фотоаппаратын ұмытқан жоқ.Түсірген суреттерін «Рудненский рабочий» газетіне жолдап отырды.
Жұмысына немесе мамандығына қызығу 1965-66 жылдары арта түсіп, Александр Васильевич Пионерлер сарайында үйірмесін, одан соң Кеншілер мәдениет үйінде «Горняк» фотоклубын ашты. Клубта олар балалармен біргелікте көрмелер ұйымдастырды, алғашында тақырыптық: портреттер, жыл мезгілдеріне сәйкес – күз, жаз, жанрлық – натюрморттар, пейзаждар, ал кейін жұмыстар арта түсіп, персоналды көрмелер ұйымдастыра бастады.
Одан соң Александр Васильевичті «Соколовстрой» трестіне шақырды, ол жерде фотограф керек еді. Бұл жерде ол 1973 пен 1993 жылдар аралығында 20 жыл істеді. Тресте ол алғаш рет кино түсірумен айналысты: өндіріс өмірі жайында, Ұлы отан соғысы ардагерлері туралы фильмдер түсірді. Ал 1993 жылы бәрі күрт өзгерді: бейнекамераның дәмін тата бастады. Бірқанша уақытқа фотоаппарат жайында ұмытып кетті. Қостанайдағы «Интерстан», «25 каналда» бейнеоператор болып жұмыс істеді, кейін оны қалаға шақырды, бұл жерде оның алғашқы студиясын ұйымдастырып жатқан болатын. Бір жылға жуық сол жерде жұмыс істеп, кейін 99 жылдары «ТВС» арнасына жұмысқа ауысты, бірақ суретке түсіруді өзі үшін жалғастыра берді. 2005 жылы «Магнетит» фотограф болуға шақырып, ол сол жерде 2011 жылға дейін жұмыс істеді. Кейін Галашов «Рудный даусы» ТРК бейнеоператор болып жұмысқа тұрды, ал бірнеше айдан соң – «Рудненский рабочий» фотограф болып кетті.
Оның суреттерінің географиясы үлкен – Чили, ЮАР, Вильнюс, Дальний Восток, Алматы, Астана және тіпті Англия. 2010 жылы оның таланты облыстық деңгейде мойындалды – біздің аймағымыздың БАҚ жұмысшыларының арасында өткен «Золотое перо» конкурсында Галашовты «Өз мамандығына адалдығы үшін» номинациясына лайық деп тауып, диплом және қомақты ақшалай сыйлықпен марапаттады. 2014 жылы Орталық қалалық кітапханада Александр Галашовтың «Объективная жизнь» көрмесі ашылды. Экспозицияға фотосуретшінің 30 жұмысы ұсынылды, Рудный қаласының күнделікті тұрмыс-тіршілігі және мерекелі күндері: тарих, адамдар, пейзаждар.