30 тамыз
Верёвочкин Евгений Иванович
туғанына 85 жыл (1934)
Евгений Иванович Верёвочкин 1934 жылы 30 тамызда Новгород облысының Чапаев ауылында дүниеге келді. Рудный қаласына 1956 жылы көшіп келді. Слесарь болып жұмыс істеп, кейін экскаватор машинистінің көмекшісі, Соколовск кенінде экскаватор жүргізушісі болып жұмыс істеді. 1965 жылы Рудный индустриалды техникумын «Өндірістік кәсіпорында электрмен жабдықтау» мамандығын бітіріп шықты.
Қазан Революциясы және Еңбек қызыл ту төсбелгілерімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазақ ССР еңбек сіңірген кеншісі. СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумының жарлығымен 1981 жылдың 2 наурызында оған жемісті еңбегі үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, Ленин орденімен «Балға мен орақ» төсбелгісі табыс етілді. 1996 жылдан бері Евгений Иванович еңбек демалысында, Рудный қаласында жасайды.