5 ақпан
Куликова Галина Георгиевна
Туғанына 80 жыл
Томск университетін химия мамандығы бойынша тәмамдаған Галина Георгиевна екі жыл Томскідегі ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Аспирантураны бітірген соң сол университеттің аналитикалық химия кафедрасына жіберілді.
70-жылдардың басында Галина Георгиевна Рудныйға келіп РИИ де пайдалы қазбаларды байыту және химия кафедрасының аға оқытушысы болып жұмысқа орналысты. Көп ұзамай ол доцент атағын алды, тау кен факультетінің деканы болып тағайындалды. 1982 жылы РИИ ректоры К. К. Карибаев Куликоваға оқыту жұмыстары бойынша проректор қызметін ұсынды. Галина Георгиевна Қазақстандағы техникалық жоғары оқу орындарындағы алғаш әйел проректор болды. Оның шаршамайтын жаңашыл рухани дүниесі РИИ дің Лисаковскідегі қашықтықтан оқыту факультетін ашуға ат салысты.
Өмір өтіп жатты. Галина Георгиевна Куликова прфессор атағын алды, Халықаралық өмір қауіпсіздігі және экология академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды, ҚР білім саласының Құрметті атағына ие, Рудный қаласының құрметті азаматы.