6 наурыз
Дмитриева Лариса Геннадьевна
туғанына 55 жыл
Лариса Геннадьевна Дмитриева 1965 жылы 6 наурызда Таран ауданы Тобыл станциясында дүниеге келді. Балалық шағын Лисаковск қаласында өткізіп, көркемсурет мектебінде оқыды, кейін Пензадағы К.А.Савицкий атындағы көркемсурет училищесінің бейнелеу өнері бөліміне оқуға түсті. 1989 жылдан Лариса Геннадьевна Рудный қаласында жасайды және балалар көркемсурет мектебінде жұмыс істейді.
Лариса Геннадьевна облыстық және қалалық көрмелерге белсене қатысты: облыстық «Оқушы және педагог» көрмесі (1993), Крупская атындағы кітапханада өткен қалалық көрме (1994), қалалық мұражайдағы «Шеттен көзқарас» (2001), Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған облыстық көрме (2001), Челябі қаласының облыстық көрмесі (2004).
Суретші бәрін бейнелей алады: аңдар, портреттер, пейзаждар. Лариса Дмитриеваның картиналары өте жеңіл қабылданады, ал олардың берер сезімі өте ерекше. Оларда күрделі философиялық ештеңе жоқ, өйткені суретші бізді қоршаған әлемнің өзі философия деп есептейді.
Лариса Геннадьевна Дмитриеваға «Рудный қаласының шығармашыл жастар сыйлығының лауреаты» (1995) атағы берілді, ол Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі.2002 жылы білім беру саласында айрықша еңбегі үшін Лариса Геннадьевна «ҚР білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен және ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен марапатталды.