2020 жылғы желтоқсан айының мерейгерлері

13  желтоқсан

Дүйсембаев Қасымқайыр Қазымбайұлы

Туғанына 90 жыл

Қасымқайыр Қазымбайұлы Дүйсембаев 1930 жылы Шығыс-Қазақстан облысында дүниеге келді. 11 жасынан бастап жұмыс істеп бастады. Соғыс жылдары құрдастарымен ересектерге  колхозды көтеруге жәрдемдесті. 1956 жылы, пайдалы қазбалар кенорындарын өңдеу бойынша тау-кен инженері мамандығын алып,  Қазақ тау кен-металлургия институтын тәмамдады.

Жоғары білім беру министрлігінің жолдамасымен 1956 жылы ССТКБКтың құрылысына келді. Жұмысты комбинатта Сарыбай кен басқармасының өндірістік-техникалық бөлімнің аға сметашысы болып бастады, онда ол басталып келе жатқан кеніште ашық тау-кен пайдалану жүйесін тәжірибеде іске асырудың  қыр-сырын игерді. Сарыбайда ол кен басқармасы диспетчері қызметіне тағайындалады. Сонан соң – мастер карьерлік учаскенің тау-кен шебері, адымдағыш экскаваторлар учаскесінің бастығы. Мұнда  машинистермен бірге, тәжірибелі әріптестерінің көмегімен, ол алғаш рет бұл машиналарды қабаттастырылған кертпештер және өтпелі ор ұңғымасында пайдаланды, сол  үшін «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталды.

Кейінірек Дүйсембаев ашық карьердің техникалық жетекшісі, сонан соң бастығы болды. Сарыбай карьеріндегі жұмысының 15 жылы ішінде оның қатысуымен  су жиналатын зумпфтар және олардың суын үстіңгі сужинағыштарға тартып шығару арқылы карьерді құрғату жүргізілді, бұл соншама қиын жағдайда аршу жұмыстары бойынша тапсырмалардың дер кезінде орындалуын қамтамасыз етті. Бұл үшін 1971 жылы комбинат және қала басшылығының қолдауымен Кеңес Одағының жоғары марапаты – Ленин орденіне ие болды.

Пікірі мен әрекеттері тәуелсіз, қарым-қатынаста қарапайым және сонымен қатар өндірістік-техникалық мәселелерді шешуде қатаң және қайсар, қол астындағыларға құрметті, Дүйсембаев өз құрдастарының арасында тау-кен инженер-ұйымдастырушысы ретінде ерекшеленеді. Міне сондықтан 1973 жылы оны комбинат басқармасына техникалық бөлім бастығының орынбасары етіп ауыстырды.

Қасымқайыр Қазымбайұлы Ресей және Украинаның ірі кәсіпорындарының жұмысын бақылау жөніндегі КСРО Қара металлургия министрлігінің комиссиясында болды. зейнетақыға шыққаннан кейін, қалалық Ардагерлер кеңесінің құрамына енді. Бұдан басқа, ол комбинат  және қала мәселелері бойынша БАҚ-да жиі шықты, поэзиямен айналысты – үш өлеңдер жинағын басып шығарды. Оның өлеңдері «Ғасыр кереметі – Астана» әдеби жинағына енгізілді.

Қасымқайыр Қазымбайұлы еңбекшілердің қалалық депутаттар Кеңесінің  депутаты етіп сайланды. «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы  қажырлы еңбегі үшін», «Қажырлы еңбегі үшін. В. И. Лениннің туғанына 100-жыл толуы құрметіне», «1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің отыз жылдығы» медалдарымен, III дәрежелі «Шахтер даңқы», «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен марапатталды, оған «Қазақстанның еңбегі сіңген кеншісі» атағы берілді және Республика Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасы берілді. 2000 жылы оған «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика