2020 жылғы желтоқсан айының мерейгерлері

22  желтоқсан

Александр Яковлевич Дунин

Туғанына 90 жыл

 

Александр Яковлевич Дунин 1930 жылғы 22 желтоқсанда Куйбышев облысының Сызрань қаласында, қызметкердің отбасында дүниеге келді. 10 сыныпты бітіргеннен кейін ол Куйбышев медициналық институтына оқуға түседі, оны 1956 жылы бітіреді. 1956 дан 1957 жылға дейін Қостанай қ. балалар консультациясында жұмыс жасайды. 1958 жылдың 1 маусымынан бастап Рудный қаласында жұмыс істеді алдымен емханада офтальмолог-дәрігер,  1962 жылдан бастап – көз бөлімінің меңгерушісі.

Рудныйда жұмыс істеген уақытында қазіргі уақытта заманауи талаптарға жауап беретін, алдымен емханалық, содан соң стационарлық,  офтальмологиялық қызметті ұйымдастыруда қатысты. Өткен кезеңде қалада, облыста да трахоманы жоюда, алыстан көрмейтін балалар мен ересектерді диспансерлеуді және емдеуді ұйымдастыруда қатысты.

Александр Яковлевич Дунинмен Одақта алғаш рет ұсынылды:

  1. Қарашық арасындағы қашықтықты өлшеудің жаңа модификациясы.
  2. Пионер лагері жағдайында көрмеушілігі бар балаларды алдын ала емдеу.
  3. Сиблефаронда оперативтік араласу.
  4. Глаукомада отаны түрлендіру.

Қазақстанда алғаш рет Дуниннің бастамасымен:

  1. Микроскоппен микрооталар басталды.
  2. Глаукома кабинеті және глаукомамен ауыратындар үшін түнгі стационар ашылды.
  3. Көз алмасына оперативті араласу үшін егеуқұйрық және саздықұндыздың құйрығынан тігу материалының өндірісі игерілді.

Александр Яковлевичтің өнертабыстық ұсыныстары: тамшылар үшін тіреуіш, көзге таңғыштар үшін пластмасса торлар, ота бөлмесіндегі бұрама орындықтарға құрылғы, шаршы бойынша перифериялық көруді өлшеу әдісін, ота жасалатын науқастарға арналған арбаны жетілдіру, операциялық микроскоптың жаңа құрылымы, жарықтандырғышымен мұрын айнасы, көздің мүйізгек қабығындағы бөтен денелерді алу үшін ине-ирригатор.

Александр Яковлевич «Қажырлы еңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» медалімен, Еңбек Қызыл ту орденімен (1976), «Денсаулық сақтау үздігі» белгісімен, III дәрежелі ҚазКСР денсаулық сақтау министрлігінің дипломымен (1983) марапатталған. 12 баспа жұмысы, өнертабыстық ұсыныстары үшін 11 республикалық куәлігі бар. 1977 жылы Қазақстан офтальмологтарының I съезінің, 1978 жылы Қазақстан және Орта Азия офтальмологтарының I съезінің, Кеңес Одағы офтальмологтарының IV Бүкілодақтық съезінің, 1993 жылы Көз аурулары ҚазҒЗИ ғылыми-техникалық конференциясының делегаты болды. 1983 жылдан бастап жоғары санатты дәрігер ретінде аттесталды. 1997 жылы Александр Яковлевич Дунин «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика