18 маусым
Хан Алла Кононовна
90 жас
Алла Кононовна Хан 1932 жылы 18 маусымда Владивосток қ. дүниеге келді. 1937 жылы отбасымен Комсомолец кентіне көшіп келді. 1949 жылы орта мектепті медалмен бітірді, Челябі медициналық институтына оқуға түсті, оны 1956 жылы бітірді.
Алла Кононовна Рудный Денсаулық сақтау жүйесінің бастауында тұрды. Ол алғашқы терапевт, алғашқы ЛОР-дәрігер болды, хирургқа көмек көрсетті, гинекологиялық науқастарға шұғыл көмек көрсетті, түнгі шақыруларға қызмет көрсетті.
19 жыл қалалық аурухананың бас дәрігері болып жұмыс істеді.
«Халықтар Достығы» орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Денсаулық сақтау үздігі» медальдарымен марапатталған.