2023 ж. мерейгерлері

Иманали Сейдувалиевич Ахметов

24 шілде

(1943)

80 жаста

Иманали Сейдувалиевич Ахметов Түркістан облысының Шымкент қ. дүниеге келді – техника ғылымдарының докторы, профессор.

1962 ж. Иманали Сейдувалиевич Қазақ химия-технологиялық институтына түсіп, үш курс бітіргеннен кейін Қазақстанның жоғары және арнаулы орта білім министрлігімен оқуын аяқтау үшін Новочеркасск политехникалық институтына жіберілді, ол оқуын 1967 ж.үздік бітірді.  1968 ж. бастап жолдама бойынша ҚазХТИ оқытушысы болып жұмыс істеді. «Байланыстырғыш заттардың химиялық технологиясы» кафедрасында күндізгі оқу аспирантурасын бітірген. Докторлық диссертациясын «Портландцемент өндірісінде техногенді және кондициялық емес материалдарды кешенді пайдалану технологиялық негіздерін әзірлеу» тақырыбы бойынша қорғады.

1994 ж. Иманали Сейдуавалиевич Санкт-Петербург қаласындағы Халықаралық экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылымдары академиясының толық мүшесі (академигі) етіп сайланды. 70-ке жуық ғылыми мақала мен 10 өнертабыс авторлық куәліктері бар. 1984-2004жж. – Рудный индустриалдық институтының ректоры.

Иманали Сейдувалиевичтің негізгі ғылыми еңбектері мен өнертабыстары, құрылыс материалдарын өндіруде энергия қорларын үнемдейтін және қалдықсыз технологияларды әзірлеу және енгізу, портландцемент өндірісінде өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану мәселелеріне арналды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика