15 маусым Жәнібеков Шаңгерей Жәнібекұлы
100 жаста (1924)
Шаңгерей Жәнібекұлы Жәнібеков 1924 жылы 15 маусымда Орджоникидзе ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында 1942 жылы медициналық училищенің үш курсын бітірген Шаңгерей Жәнібекұлы Кеңес Армиясына шақырылып, дивизиялық әскери фельдшер болып тағайындалды. 1943 жылдың мамырынан бастап екі жыл бойы Брянск, Степной және Екінші Украина майдандарында болды. Белгород, Харьков, Полтава, Кременчуг, Кировоград қалаларын азат етуге, Корсунь-Шевченков және Яссы-Кишинев операцияларына, Румыния, Венгрия, Чехословакия және Австрия аумағындағы неміс-фашист әскерлеріне қарсы ұрыс қимылдарына қатысты. 1947 жылы соғыс аяқталғаннан кейін Шаңгерей Жәнібекұлы Қостанай аудандық Кеңесінің денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1959 жылы Рудный қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, 1963 жылы наурызда Рудный қалалық еңбекшілер депутаттары кеңесінің атқарушы комитетінің төрағасы болып сайланды. Рудныйда жұмыс істеген Шаңгерей Жәнібекұлы біздің жас қаламыздың жоғары өнімді еңбек, үлгілі қоғамдық тәртіп және жоғары мәдениет қаласы болуы үшін күресті. Соколов-Сарыбай ТБК-ін жылына 26 млн. тонна кен 5 жобалық қуатына мерзімінен бұрын іске қосу мақсатында ол кейіннен еңбек ұжымдары өкілдерінің қалалық жиналысында бекітілген Жарыс және жалпықалалық міндеттемелер туралы ереженің жобаларын дайындады. Содан кейін Жәнібеков Қостанай қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. 1975 жылдың наурызынан бастап ол Қазақстан Компартиясының Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшысы болып жұмыс істеді. 1985 жылы 21 қаңтарда республика Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары лауазымында Жәнібеков Шаңгерей Жәнібекұлы зейнет демалысына кетті.
«Октябрь революциясы», «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, төрт «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Халықтар достығы» орденімен, екі «Ерлігі үшін» медалімен және Кеңес Одағының, Қазақстан Республикасының басқа да медальдарымен және «Фашистерге қарсы күреске белсенді қатысқаны үшін» 1995 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шаңгерей Жәнібекұлы Жәнібеков «Парасат» орденімен марапатталды. Жәнібековтың Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің екі Құрмет грамотасы бар, Қостанай қаласы мен Рудный қаласының құрметті азаматы, сондай-ақ Қостанай облысының құрметті азаматы болып табылады.
1. Брусиловская, Елена. Война и мир Шангерея Жаныбекова [Мәтін] :[атақты жерлес – мемл. қайраткер Ш. Жәнібеков] / Елена Брусиловская ; Ш. Жәнібековтің отбасылық мұрағатынан сурет/ /Казахстанская правда. – 2020. – 9 мамыр. – Б. 9.
2. Кудабаев, Аслан. Большие цели Шангерея Жаныбекова [Мәтін] : [Қостанай және Рудный қалаларының құрметті азаматының 90-жылдығы] / Аслан Кудабаев // Костанайские новости. – 2014. – 17 маусым. – Б. 5.
3. Николаев, Юрий. Добрые попутчики [Мәтін] : [жазушы және мемлекет қайраткері Шаңгерей Жәнібеков Рудныйға келді] / Ю. Николаев ; фото автордікі // Рудненский рабочий. – 2014. – 1 тамыз. – Б. 20.
4. Сущенко, Иван. Именитый земляк [Мәтін] : [мемл. қайраткері Ш. Жәнібековтің 90-жылдығы] / Иван Сущенко // Рудненский рабочий. – 2014. – 20 маусым. – Б. 20.
5. Черкас, Анастасия. И снова на малой родине [Мәтін] : визит : [Қостанай қалалық партия комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Ш. Жәнібеков] / А. Черкас ; Сергея Мироновтың фотосы // Костанайские новости. – 2014. – 29 шілде. – Б. 3