2024 жылғы шілде айының мерейгерлері

13 шілде

Қажығали Біркеұлы Омаров

туғанына 85 жыл (1939 – 2016)

    Қажығали Омаров 1939 жылы 13 шілдеде Меңдіқара ауданы Қаражар ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Жеті ағадан жалғыз ол музыкант болды. Бұл көп жағдайда ата-ананың арқасында болды. Музыкалық негіздерді оған бірінші болып әкесі үйретті, ал әуеннің сұлулығын қазақ әнін жақсы көретін анасы ашты. Мектепті бітіргеннен кейін Қажығали Алматы музыка училищесіне оқуға түсті, содан кейін Қызыл-Орда институтын тәмамдап, домбыра және хор дирижерлігі мамандығын алды.

Қажығали Біркеұлы Омаров – көркемөнерпаз композитор және аранжировщик, фортепиано пьесалары оқулықтарының авторы. Ол қазақ және орыс тілдерінде көптеген әндер жазды, балладалар, сюиталар, скерцо, романстар, Есениннің лирикалық әндер циклі, олардың кейбіреулері – «Береза», «Тёмна ноченька» – облыстық филармония орындаушыларының тұрақты репертуарына енді. Сондай-ақ, Қажығали Омаров «Ұлы адамдар ән айтады» кітабының авторы.

Қажығали Омаровтың шығармашылық және педагогикалық тағдыры сәтті өтті. Оның шығармалары бірнеше рет әртүрлі музыкалық фестивальдердің лауреаттарының дипломдарымен марапатталған. Оның білімі мен орындаушылық шеберлігін рахаттана үйрететін оқушылары болды.

  1. Гвоздев, В. Зал   пустовал,  но  победители  были [Мәтін] : [авторлық әндер байқауы туралы] / В. Гвоздев // Магнетит. – 1998. – 28  тамыз.  –  Б. 10.
  2. Масленникова, Т. Артисты  из  15-й [Мәтін] : [№ 15 мектептегі  қазақ мәдени орталығы туралы] / Т. Масленникова  // Магнетит. – 1999. – 11 маусым. – Б. 2.       
  3. На гастроли в столицу [Мәтін] : Astana Opera театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының гастрольдері өтті / бетті дайындаған Наталия Хомс ; «Астана Опера» баспасөзқызметінің суреті                                      // Казахстанская правда. – 2021. – 3 қыркүйек. – Б. 13.
  4. Турысбекова, Айгуль. Духовный стержень общества [Мәтін] : [Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер тұлғалаларына президенттік және мемлекеттік шәкіртақылардың берілуі туралы] / Айгуль Турысбекова // Казахстанская правда. – 2016. – 19 қаңтар. – Б. 1, 6.                                                                          

14 шілде

Виктор Артурович Битнер

75 жас (1949)

Виктор     Артурович     Битнер      –    талантты математик, оқытушы. № 4 мектептің директоры болып 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеген соң, ол тек сүйікті ісімен айналысу үшін – балаларға математиканы үйрету үшін оқытушылық жұмысқа көшуге шешім қабылдады.

В.А.Битнерге оқуға қандай балалар келеді? Бұл сұраққа жауап бере отырып, ол былай деді:«Математикалық сыныптарға қабылдау кезінде біз байқау өткіземіз, ең үздіктерді аламыз. Математикаға қабілеттілігінен басқа біздің балалар әдеттегідей кең дүниетанымға ие. Олардың көпшілігі шахмат, дойбы, спорттық разрядтары бар және т.б. Мен әрдайым оқушының интеллектісін дамытуға септігін тигізетін және білімге табыну салтанат құратын мектепті армандадым». Және ол, оны іс жүзінде тәрбиенің жаңа идеяларын жүзеге асырып, оған өз жанының бір бөлігін салып. осындай мектеп құрды. Виктор Артурович – әріптестері мен оқушыларына жетекшілік ете алатын жарқын тұлға. Оның оқушылары туралы облыстан да, Қазақстаннан да алыс жерлерде біледі. 2000 жылы «Рудный қаласының құрметті тұрғыны» атағына ие болды. Бүгін Виктор Артурович Германияда тұрады, бірақ ол құрған № 4 математика мектебі Рудныйдың мақтанышы болып қала береді.

  1. Буляканова, Ю. Блещут умом и талантом [Мәтін] / Ю. Буляканова // Магнетит. – 2010. – 17 желтоқсан. – Б. 6.
  2. Патритеев, Александр. Виктор Битнер: «Я – советский учитель» [Мәтін ]: демалыс күндері № 4 мектеп-лицей 35 жылдығын атап өтті:[қаланың құрметті азаматымен сұхбат] / А. Патритеев ; фото автордікі // Рудненский рабочий. – 2015. – 23 қазан. – Б. 3.
  3. Сущенко, Иван. Верность любимому делу [Мәтін] : [ рудныйлық математика оқытушысы В. Битнер туралы] / Иван Сущенко ; Александр Галашов фотосы // Рудненский рабочий. – 2013. – 28 маусым. – Б. 22.

27 шілде

Анатолий Васильевич Цепко

туғанына 65 жыл (1959-1980)

Анатолий Васильевич Цепко 1959 жылы 27 шілдеде Рудный қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін ол үш жыл «Қазмеханомонтажда» жұмысшы болып жұмыс істеді. 1979 жылы 6 шілдеде КСРО қарулы күштеріне шақырылды. Анатолий Цепко Ауғанстанға 1980 жылдың қаңтарында жіберілді, онда ол № 51863 әскери бөлімінде минаатқыш нұсқаушысы ретінде ефрейтор қызметін атқарды. 1980 жылы 10 шілдеде Анатолий Цепко жеке қарудан бір жауды жойып, минаатқыштан қарсыластың екі атыс нүктесін басып қалды. Осы ұрыста ол ауыр жарақат алды және көп ұзамай қайтыс болды. 1981 жылы 23 қаңтарда Анатолий Васильевич Цепко қайтыс болғаннан кейін Қызыл жұлдыз орденімен марапатталды. 1980 жылы 19 шілдеде Рудный қаласының зиратында жерленген.

  1. Воронина, Елена. Памяти павших, во имя живых [Мәтін] : 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 32 жылдығы атап өтіледі / Елена Воронина ; фото «РР» мұрағатынан // Рудненский рабочий. – 2021. – 12 ақпан. – Б. 1, 9.
  2. Воронина, Елена. «Мы уходили из Афгана…» [Мәтін] : кеңес әскерлерінің Ауғанстан аумағынан шығарылғанына 33 жыл толды / Елена Воронина ; фото Анатолий Бутузов // Рудненский рабочий. – 2022. – 17 ақпан. – Б. 5.
  3. Воронина, Елена. Памяти павших, во имя живых [Мәтін] : 15 ақпанда кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 32 жылдығы атап өтіледі / Елена Воронина ; фото «РР» мұрағатынан // Рудненский рабочий. – 2021. – 12 ақпан. – Б. 1, 9.
  4. Живы, пока не забыты [Мәтін] : бүгінде Рудный қаласында 136 «ауған»жауынгері тұрады / дайындаған Иван Лещев ; фото Марина Колчанова // Рудненский рабочий. – 2023. – 16 ақпан. – Б. 8.
  5. О павших в Афганистане (1980 – 1989)[Мәтін] : Қостанай облысының жауынгерлерін еске алу кітабы / авт. ұжым И. Е. Төлебай [және б.]. – Костанай, 2002. – Б. 76 –82.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика