10 наурыз
Алексей Степанович Литвинов
туғанына 100 жыл
(1925 -2010)
Алексей Степанович Литвинов украинадан қоныс аударған көпбалалы отбасында дүниеге келген. Соғыс кезінде он жеті жарым жасында ол әскер қатарына алынып, жойғыш ұшақтарды қаруландыру бойынша авиатехник болып қызмет етті. Алексей Степанович старшина болып, Хинган арқылы қаһармандық ұшуға, Дальний портын босатуға және жапон әскерлерін түпкілікті талқандауға қатысты. Соғыс аяқталғаннан кейін ол әлі де ұзақ уақыт әскери қызметте болды. «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.
1951 жылы 26-жасар старшина Литвинов Соколов геологиялық-барлау партиясына келіп, бұрғылаушы болып жұмысқа орналасты. Көп ұзамай оны аға жұмысшы, сосын колонкалық бұрғылау шебері етіп ауыстырды. Одан кейін – Свердлов тау-кен институты жанындағы аға шеберлер курстары өтеді.
Партияға оралғанна кейін Литвиновтың бригадасы іске қосылған Сарыбай карьерінің контуры бойынша сусыздандыру ұңғымаларын бұрғылауға жібереді. Мұнда оны кеніштің бірінші бастығы Н. Е. Галыгин қарап, экскаваторға жұмысқа шақырды. Алексей Степанович ЭКГ-8, ЭКГ-8И экскаваторларының экипаждарын басқарды. Бұдан басқа, ол үнемі кәсіподақтың, комбинат парткомының, қалалық партия комитетінің мүшесі болып сайланды.
Сарыбайда Литвинов 28 жыл жұмыс істеген, оның ішінде 5 – еуі зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін. Бірақ зейнеткерлікке шыққан соң да ол қоғамдық жұмысты жалғастырып, ардагерлер кеңесінде жұмыс істеді.