29 наурыз
Иван Кириллович Курилов
туғанына 110 жыл
(1915 -1987)
Иван Кириллович Курило 1915 ж. 29 наурызда Харьков облысы Липецк ауданы Черкасские Тишки қаласында дүниеге келді. 1934 жылы Одесса құрылыс техникумын бітірді және Макеевка қ. жұмыс істей бастады. Соғыс жылдары Первоуральск қ. эвакуацияланды. 1955 жылы министрліктің бұйрығымен Соколов-Сарыбай комбинатының құрылысына ауыстырылды. «Соколовстрой» трестінің жоспарлау бөлімінің бастығы, «Горжилстрой» бастығы, «Соколоврудстрой» трестінің бас инженерінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1960 – 1962 жж. «Промстройматериал» трестін басқарды, ал 1962 ж. жаңадан ұйымдастырылған «Қостанайсельстрой-14» трестіне тағайындалып, онда 1979 ж. зейнетке шыққанға дейін жұмыс істеді. Рудныйда жұмыс істеген уақытында ол үздіксіз қалалық комитеттің мүшесі, қалалық және облыстық Кеңестің депутаты, Қазақстан КП XII съезінің депутаты болып сайланды.