2025 жылғы тамыз айының мерейгері Иван Иванович Гаранин

1 тамыз

Иван Иванович Гаранин

80 жас

(1945)

Иван Иванович Гаранин 1945 жылы  Қостанай облысының Соколовка кентінде туған. Спортшы, шаңғы спортынан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қысқы Олимпиада ойындарының екі мәрте қола жүлдегері (Инсбрук, Австрия, 1976), КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, көптеген халықаралық және Бүкілодақтық шаңғы жарыстарының бірнеше мәрте жүлдегері.

Екі рет Олимпияда ойындарына қатысқан. Бірінші –  1972 ж., 50 км. жарыста 17-ші орын. 1974 ж. әлем чемпионатында эстафетада бірінші кезеңде жеңіске жетіп, 2-ші орынды иеленді. «Васалоппет» (Швеция)  аса марафондық корольдік шаңғы жарысының чемпионы және күміс жүлдегері. 1975 жылы ол маусымның қорытындысы бойынша әлемнің ең үздік жарысшысы – ең жоғары рейтинг деп танылды. Бұдан басқа, Иван Иванович әйгілі «Марчелонга» марафон жарысында (Италия) жеңіске жетті, КСРО-дағы супермарафондарда жеті рет жеңіске жеткенін айтпағанда, бірнеше рет Германияда, Финляндияда ұзын қашықтыққа жүгіруде жеңіске жетті.

20 жылдан астам уақыт бойы Рудный қаласының шаңғы спорты ардагерлері клубының көшбасшысы болып табылады. Спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Парасат», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. Ол Рудный қаласының Құрметті азаматы, онда Иван Гараниннің жүлдесі үшін жарыстар жиі өткізіледі.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика