25 қыркүйек
Константин Иванович Брезговин
туғанына 100 жыл
(1925 -2017)
Константин Иванович Брезговин 1925 жылы 25 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Ресейдің Калинин облысы Земцы ауылында өсіп, мектепті бітірген. 1941 жылы жеті жылдық мектепті бітіріп, Саратов теміржол училищесіне оқуға түседі. Одан кейін «Саратов-2» паровоз депосында от жағушы, майдандық жүктерді тасымалдаушы болып жұмыс істеді.
1944 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 316-шы атқыштар дивизиясының 1073-ші атқыштар полкының құрамында соғысты, минометші болды. Әскери атағы — аға сержант. Буг өзенінен соғыспен өтуде, Сандемировский плацдармындағы шайқасқа, Львов қаласын азат етуге қатысты. Румыния, Венгрияны шайқастармен өтті, Югославия мен Польшаны азат етті. Жеңіс күнін Австрияда қарсы алды.
Константин Иванович Рудныйға 1957 жылы келіп, ССКБК теміржол цехына станция бойынша кезекші болып қабылданды. Сосын 27 жыл бойы ССКӨБ АҚ ТКТЖКБ тарту агрегатының машинисі болып істеді. 1982-1993 жылдары «СС КӨБ» АҚ ардагерлер ұйымын басқарды. Қалалық президиумның мүшесі болды, қала жастары мен ардагерлер арасында көптеген жұмыстар жүргізді. Мәскеу мен Астанада өткен Жеңіс шерулеріне қатысты.
Константин Иванович Брезговин 2-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі «Ерлігі үшін» медалімен, «Будапештті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.