2025 жылғы қыркүйек айының мерейгері Василий Степанович Кононенко

14 қыркүйек

Василий Степанович Кононенко

туғанына 100 жыл

        (1925 -2009)

Василий Степанович — Ұлы Отан соғысының қатысушысы, – 220-шы Қиыр Шығыс майданының  83 бөлімше батальонында атқыш лауазымында қызмет атқарды. Туған өлкесіне, Қостанай облысына неміс және жапон әскерлері түбегейлі жойылғаннан кейін ғана оралды.

Совхозда жұмыс істеді, 1951 жылдың мамырында ССКОК құрылысына іздестіру экспедициясына кірді. 1955 жылдың маусымынан 1984 жылға дейін Соколов кенішінде бұрғылау қондырғысының машинисі, содан кейін су төккіш слесарь мамандығын меңгерген. 30 жыл ішінде Кононенко бірнеше рет жергілікті комитеттің мүшесі, жолдастық соттың төрағасы болып сайланды. 1974 жылы «Комбинат ардагері» құрметті атағы берілді. 1980 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған. «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» наградалары, мерейтойлық медальдары бар. Василий Степанович 2009 жылы 15 шілдеде қайтыс болды.

 

 

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика