2025 жылғы желтоқсан айының мерейгері Арман Сәбитбекұлы Хасен

11 желтоқсан

Арман Сәбитбекұлы Хасен

60 жас

 (1965)

 

Арман Сәбитбекұлы 1965 жылы 11 желтоқсанда Қостанай облысы Торғай кентінде дүниеге келген. 1989 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын бітірген, филолог. Жангелдин ауданының мектептерінде, ал 1995 жылдан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный педагогикалық колледжінде жұмыс істеді. 2000 жылдан – қазақ редакциясының редакторы, 2002 жылдан – «ССКӨБ» АҚ «ТВС» ТРК бас редакторы. 2014 жылдан бастап 2024 жылдың 1 тамызына дейін «ССКӨБ» АҚ ақпараттық орталығының директоры. 2012 жылы «Журналистика» номинациясында «Қазына» сыйлығының иегері.

Арман Сәбитбекұлы мектеп қабырғасынан өлеңдер жазады. Облыстық «Қостанай таңы» газетінде, «Жас қазақ» журналында, «Мағнетит» апталығында басылған. Ол жыл сайын Қостанай облыстық Қазақстан халықтары Ассамблеясы мен облыстық мәдениет басқармасы өткізетін «Менің туған өлкем» – «Край мой родной» байқауының лауреаты болып табылады. 2018 жылы қаланың мәдени өміріне қосқан елеулі үлесі үшін Арман Сәбитбекұлы «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Іс-шара 2018 жылдың 10 тамызында Қала күнін мерекелеу аясында өтті.

 

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика