2026 жылғы наурыз айының мерейгері Александр Михайлович Надеждин

23 наурыз

Александр Михайлович Надеждин

туғанына 95 жыл

(1931-2009)

Александр Михайлович Надеждин 1931 жылы 23 наурызда Қытай Халық Республикасының Харбин қаласында дүниеге келген. Харбин политехникалық институтын бітірген, Харбиндегі КСРО азаматтары қоғамы зауытының инженер-конструкторы болып жұмыс істеген. 1954-1955 жылдары Қазақстанға көшкеннен кейін Қостанай автожөндеу зауытының инженер-конструкторы, содан кейін механикалық зауыттың инженер-конструкторы болды. Көп ұзамай ол сол зауытта бас технолог, содан кейін бас инженер лауазымына ие болды. 1957-1959 жылдары Александр Михайлович Қостанай автотрестінің бастығы болып жұмыс істеді.

Содан кейін Рудный қаласына көшіп, «Востокметаллургмонтаж» трестінің Рудный монтаждау басқармасының шебері болып тағайындалды, өнеркәсіптік және тұрғын үй-азаматтық кешендердегі монтаждау жұмыстарын басқарды. 1963-1966 жылдары Александр Михайлович Рудный монтаж басқармасының бас инженері, содан кейін зейнеткерлікке дейін «Соколоврудстрой» тресті бас инженерінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол кен дайындау кешенін: ірі және орта бөлшектеу, кесектеу, магнитті ылғалды сепарация фабрикаларын салуға қатысты.

Александр Михайлович Надеждин «Үздік құрылысшы» белгісімен және басқа да наградалармен марапатталды.

2003 жылы Александр Михайлович Надеждин «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды, 2009жылы  23 қазанда қайтыс болды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика