Денисов ауданының Комаров ауылдық округының аумағында археологтялық ескерткіш – Қостанай облысының киелі орындарының картасына енген, Қазақстандық Арқайым орналасқан. Бұл қола дәуіріне жататын Қазақстан Республикасының тарихи – мәдени мұрасы үшін бірегей құбылыс. Ол рухани күш орны боп саналады.
Қазақстандық Арқайым – бұл біздің дәуірімізге дейінгі III пен – II мыңжылдықтың басы аралығымен белгіленген Қазақстан аумағындағы ежелгі үнді-еуропалық тайпалардың байырғы қала мәдениетінің жалғыз белгілі ескерткіші.
Бұл, ежелгі үлкен қоныс деген болжам айтқан Валерий Васильевич Мыльцев – Комаров орта мектебінің тарих мұғалімі, өлкетанушы. Оның қызығушылығы мен қажымастығының арқасында ежелгі қоныс жайлы ғалым Виктор Николаевич Логвин білді, ол 1990 ж. Комаров ауылдық округының аумағында ғылыми зерттеулер жүргізді. Ол кезде ол археология ескерткіштері секциясының, қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының облыстық кеңесінің төрағасы болған. 1992 жылы Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының Қостанай облыстық Кеңесі Қостанай облысының археологиялық ескерткіштері бойынша анықтамалық шығарды. 9 қорған, 6 қорған тобы және 3 қоныс зерттелді және сипатталды.
Қазақстандық Арқайым бұл екі қорғаныс дуалы, шұңқыр, алаңы, нөсер кәрізі, шеңберде орналасқан іргелес тұрғын үйлер бар. Мұнда қуатты астрономиялық білім бар (шын мәнінде, көптеген ғалымдар оны обсерватория деп санайды), жазу бар.
Виктор Николаевич Логвин қонысқа ресейлік Арқайымға ұқсас Қазақстандық Арқайым деген атау берді. Айта кету керек, ежелгі адамдар қаласы Первомайка ауылына жақын жерде орналасқан, ол Ресей шекарасының жанында Челябі облысының танымал Арқайымымен бір ендікте орналасқан. Орал-Қазақстан даласының белгілі қалаларымен бірге «Қазақстандық Арқайым» «Қалалар елін» құрайды.
Енді Денисов тарихи-өлкетану мұражайында археология бойынша тұрақты көрме жұмыс істейді, онда ежелгі қазақстандық Арқайымның бетінен табылған заттар – керамика фрагменттері, тастан және сүйектен жасалған еңбек құралдары, сондай-ақ қоладан табылған сирек заттар экспонатталады.