Орталық қалалық кітапхананың әдістемелік-библиографиялық бөлімі «Алтын даланың мақтанышы = Гордость золотой степи» ұсынымдық библиографиялық көрсеткішін шығарды. 2025 жылы көрнекті жазушы, ақын, журналист және қоғам қайраткері, «Алаш» ұлттық-қозғалысының көшбасшыларының бірі – Міржақып Дулатовтың туғанына 140-жыл толады. Оның заман рухы мен бостандыққа ұмтылысын айқын көрсететін шығармашылығы қазақ әдебиеті мен қоғамдық ой тарихында өшпес із қалдырды.
Көрсеткіш М. Дулатовтың негізгі шығармаларын, «Алаш» қозғалысының аясындағы қызметке байланысты мақалалар мен материалдарды қамтиды, сондай-ақ, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы зерттеулер ұсынылған.