Нұрхан Ахметбековтің қабірі, Жангелдин ауданы, Торғай ауылының солтүстік-батысында

Торғай жері қашан да шығармашылық дарынды адамдармен бай. Н. Ахметбеков солардың қатарынан. 1903 жылы Жангелді ауданының Жаркешу ауылында  дүниеге келді, композитор, әнші, домбырашы, суырып салма -ақын, ҚазКСР-ның халық ақыны. Ол жас кезінен бастап өлең жаза бастады. Оның достық, туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты мәңгілік құндылықтарға арналған тарихи тақырыптардағы поэмалары, балладалары  көпшілікке танымал болды.

Нұрхан Ахметбековтің айтыстарда қатысуы да оны елге танытты. 1943 жылы Торғайлық ақын бірінші республикалық  айтыстың жеңімпазы деп жарияланды. Ең танымал айтыстар — Сәт Есенбаевпен және Майташ Смағұловамен. Ахметбековтің дастандары  – «Есім сері», «Қарға» Торғай даласындағы нақты оқиғалар туралы әңгімелейді. Нұрхан Ахметбеков – «Мың бір түн» шығыс ертегілерінің желісімен— «Қамарлы заман», «Албан Жұпар ханым» дастандарының,  «Июнь толқыны», «Жеңіс» күйлерінің авторы. «Күләндам» (1934) дастанында 1932-33 жж. қазақ даласын жайлаған алапат аштық туралы баяндалады. «Амангелді», «Үрпек соғысы» шығармаларында А. Имановтың басшылығындағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісін суреттеген. 1952 жылы ол Абай он атындағы республикалық әдеби сыйлыққа ие болды. «Жасауыл қырғыны» дастаны үшін Ахметбеков Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды (1963). Нұрхан Ахметбеков – Бірінші өңірлік ауданаралық театрды құрудың бастамашысы және басшысы.  1945 – 1950 жж. Торғайдағы Амангелді Иманов мұражайының директоры, 1951 — 1955 жылы Торғай ауылдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

Н. Ахметбеков 1964 жылы 16 қазанда Торғай ауылында қайтыс болды. Н. Ахметбековтің қабірі Торғай ауылының солтүстік-батысында орналасқан. Орта мектеп, аудандық мәдениет үйі және Торғай ауылындағы көше Н. Ахметбековтің есімімен аталды.

 

Leave a Reply

Яндекс.Метрика