№11 кітапхана филиалындағы Абай оқулары

Абай оқулары.   «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының  “Рухани қазына”  кіші бағдарламасы  аясында  және   «Ұлы даланың ұлы атаулары»  жобасы  бойынша  кітапхананың  оқу залында   13  ақпан  сағ.15.00  Абай оқулары болып өтті. № 1 және   №2  орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары мен  қазақ әдебиетінің  оқытушылары,  мектеп кітапханашылары  (барлығы 21 адам) қатысты. Іс-шара екі тілде өткізілді.

      Мақсаты: мәдени мұраны, адами құндылықтарды   сіңіру талаптарын қалыптастыруды жүзеге асыру, қазақтың ұлы ақыны, философ, сазгер  Абай Құнанбаевтың  шығармашылығын құрметтеуге тәрбиелеу, ұлы ақынның  шығармаларын  насихаттау.

Әр халықтың    өзінің өмір сүру  салтын қоректендіріп тұратын және осы халықтың  бет бейнесін, жанын  айқындап  тұратын  рухани абыройы  бар. Қазақстандықтар  үшін бұл бедел –  көрнекті  ақын және ұлы ойшыл Абай Құнанбаев. Ақынның  өмірбаяны мен шығармашылығы  әңгімеленді. Қатысушылар тарапынан дайындалған  Абай өлеңдері, оның лирикасы, аудармалары орындалды. Аудитория  назарына  әдеби-музыкалық шығармалар мен  Абайдың  әндері  ұсынылды.

Іс-шара «Абай сөзінің сиқыры. Магия слов Абая»  кітап көрмесі және    «Абайдың сиқыры… Магия Абая…»  мультимедиялы  таныстырылымы,«Абай Кунанбаев» (орыс тілінде), «Абай Құнанбаев» (қаз.тіл.), «Татьянаның хаты», «Көзімнін қарасы» бейне роликтерімен  сүйемелденді.

Іс-шарадан  соң  көрмені 13  адам қарады.

Кітапхананың  мәліметтер  базасында  осы жылдың  материалдарымен  толықтырылған   « Абай Кунанбаев» электронды папкасы жасалынды  (іс-шара сценариі, фото және  мәтіндік  есеп).

Leave a Reply

Яндекс.Метрика