«Абай оқулары»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасы және «Ұлы даланың ұлы атаулары» жобасы бойынша Қашар кентінің №11 кітапхана филиалында 13 ақпан күні № 1 және 2 орта мектептердің жоғары сынып оқушылары мен  қазақ әдебиетінің мұғалімдері, кітапханашылары арасында «Абай оқулары» болып өтті.

      Мақсаты – мәдени мұраны сіңіру талаптарын қалыптастыруды жүзеге асыру, жалпы адами құндылықтар, қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ Абай Құнанбаевтың шығармашылығына құрметпен қарап, ұлы ақын шығармаларын насихаттауға тәрбиелеу.

Әрбір халықтың өмірін рухани сусындандырып тұратын, сол халықтың  жаны мен бірге қоректенетін  рухани абыройы бар.Қазақ халқы үшін бұл ұлы тұлға  көрнекті ақын және ойшыл Абай Құнанбаев. Оның шығармашылығы мен өмірбаяны жайында айтылды. Оқушылар дайындаған Абай өлеңдері, аудармалары, лирикалары тыңдалды. Аудитория назарына Абайдың  әндері мен әдеби-музыкалық шығармалары ұсынылды.

Іс-шараны  «Абай сөзінің сиқыры. Магия слов Абая»  кітап көрмесі мен  «Абай Кунанбаев» (орыс тілінде), «Абай Құнанбаев» (қазақ тілінде), «Татьянаның хаты», «Көзімнін қарасы» бөлімдерінен тұратын  «Абайдың сиқыры… Магия Абая…» мультимедиялы таныстырылым сүйемелдеді.

Балығы 21 адам қатысты.

Кітапханада  осы жылдың материалдарымен толықтырылған « Абай Кунанбаев» электронды папкасы жасалынды  (іс-шара сценарииі, фото және мәтіндік есеп).

Leave a Reply

Яндекс.Метрика