Чернобыль АЭС -дағы апатты жоюшымен кездесу

2026 жылғы 19 ақпанда Чернобыль АЭС апатының 40 жылдығы қарсаңында Орталық қалалық кітапханада Рудный тау-кен технологиялық колледжінің студенттеріне арналған «Шақырылған қонақ» циклінде дәстүрлі кездесу өтті. Бұл жолы біздің қонақтарымыз ЧАЭС апатының салдарын жоюға қатысқан Михаил Поляков пен Александр Шкондин болды.
Кеш өте қызықты өтті! Михаил Михайлович пен Александр Сергеевич өздері туралы әңгімеледі, өткен жылдардағы оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісті, сондай-ақ апаттың салдарын жоюға өздерінің жеке қатысуы туралы айтып берді, жүргізуші мен тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, аудиториямен белсенді түрде араласты.
Кеш соңында жиналғандар Чернобыль АЭС апатында қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика