Денсаулық сағаты «Шынықсаң шымыр боласың!»

2017 жыл  11 қараша күні  Орталық балалар кітапханасында  № 17 орта мектебінің   5 «б» сынып оқушыларына  арналған  «Шынықсаң шымыр боласың!» атты  денсаулық сағаты өткізілді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты  –  балаларды  салауатты  өмір салтын сақтауға шақырып, өз денсаулықтарына  көңіл  бөліп  жүруге  қалыптастыру.

Іс – шарада  балалар қалалық  прокуратураның   «Алкагольға жол жоқ!» жобасымен және оның  негізгі  мақсаттарымен  танысты. Сонымен қатар балаларға өз денсаулықтарына  дұрыс қарауға  шақыратын,  ішімдіктің адам өміріне  тудыратын  қаупі мен никотиннің  адам  ағзасына  зияны  туралы  фильм  көрсетілді.

Жарыс  ойындарында  оқушылар  өздерінің  әртістік  қабілеттерін  көрсетіп,  СӨС  туралы  көңілді  өлең  шумақтарын  оқыды. Іс – шара  көңілді,  нәтижелі де қызықты өткізілді.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика