Достық хороводы

18 қазан күні Орталық балалар кітапханасында Рудный территориалды «Мерей» әлеуметтік көмек көрсету орталығы қарамағындағы балаларға арналып – рухани келісім күніне орай «Хоровод дружбы» қызықты да танымдық іс-шарасы өтті.

Кездесу мақсаты – бір біріне деген, басқа халықтардың салт-дәстүрі мен әдебиетіне деген құрмет көрсету,  толеранттылыққа тәрбиелеу, отандық және шетел жазушыларының әдебиетімен таныстыру.

Іс-шара «Қазақстан – Менің Отаным» бейнеролигін қараудан басталды.

Жүргізуші 18 қазан Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтілетінін еске салды – Барлығын кешіретін, қайырымдылық пен өзара келісім күні.

Сұхбат барысында толеранттылық, халықтар достығы, бір-біріне деген құрмет, өзін өзі және басқаларды толықтай тани білу туралы сөз қозғалды; Халықтар достығы түрлі ұлт халықтары арасындағы ынтымақ пен тыныштықты сақтау үшін маңызды. Халықтар ынтымақтастығы достық,саяси,экономикалық және әлеуметтік қарым қатынастар құруға көмектеседі. Ол жаһандық мәселелерді шешіп, соғысты, лаңкестікті, зорлықты тоқтатып, жер бетіндегі мәселелердің тату жолмен аяқталуына септігін тигізеді.

 «Достық хороводы» электронды әдебиетке шолу жасау отандық және шетел жазушыларының  47 кітабын ұсынды – ертегілер, повестер, әңгімелер және анықтамалық материалдар. Бояулы кадрлер, достық жайындағы әндер мен  мультфильмдер кезекпен көрсетіліп жатты. Ойын – викторина арқылы түрлі елдерге саяхат жасады.

Сонымен қатар жүргізуші «өзіміздің  «Толеранттылық ағашы»  жекеменшік ағашымызды»  отырғызуға көмектесті, ол ағашқа  біздің қаламыздың толеранттылық кеңістігі атану үшін ұсыныстар мен тілектер жазылған жапырақшалар  ілініп жатты.  Және сондай тілектердің бірі: «бір-біріне көмектесу, тату болу, әлсіздерді қорғау»,  «ұрыспай, бір біріңді түсіне білу», «ұлтқа, дінге, сырқы көрініске, әдеттерге назар аудармау», «бір бірін құрметтеу, өзіңді жақсартуға тырысу».

Кеш өте тартымды да қызықты өтті.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика