«Киелі соқпақтармен қасиетті рухани құндылықтарға» виртуалды саяхаты, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, бабалардың рухани мұрасын зерттеу, туған өлкенің тарихына қызығушылықты дамыту, пайдаланушылардың кең ауқымын «Қазақстанның киелі географиясы» жобасымен таныстыру, сондай-ақ Қостанай облысының Киелі нысандарымен таныстыру мақсатында дайындалды.
Қостанай облысында қасиетті саналатын тарихи ескерткіштер мен орындар аз емес. Виртуалды саяхат Қостанай қаласының алғашқы мешіті (Мұсылман мешіті, 1893 ж., Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы) және Қостанай облысының ең ескілікті православ ғибадатханасы (Свято-Никольск шіркеуі, 1799 ж., Ұзынкөл ауданы, Пресногорьков ауылы) жайлы әңгімелейді.