Кітапхана жұмысшыларының семинары

«Табыстар, мәселелер, болашаққа жоспарлар:

«Рудныйдың ОКЖ» ММ кітапханаларының  2018 жылғы жұмыс қорытындысы және 2019 жылға арналған жұмыс жоспарлары»

 

Әр жылдың басында Рудныйдың ОКЖ кітапханалары мамандары  өткен жылдың қорытындысы бойынша және басталған жылға қойылған  жұмыс жоспарлары  туралы семинар болып өтеді.

Семинар мақсаты – жұмыс қорытындысын жасау, кітапхана қызметі тапсырмаларының кешенді шешімдеріне байланысты теориялық әдістемелік және тәжірибелік мәселелерді талқылау: кітап қорын  қалыптастырудағы актуалды мәселелер, пайдаланушыларға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету, мәдени-бос уақыт қызметі; «Рудныйдың орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ 2019 жылға арналған кітапханалық жұмыстарының болашаққа қойған жоспарлары.

Семинарда кітапханашылардың өткен жылы жеткен жетістіктері мен табыстары туралы айтылды.  2018 жылы Қостанай қаласында  Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК ұйымдастыруымен өткен «Оқымысты кітапханашы»  облыстық кітапханашылар конкурсында  Рудныйдың ОКЖ  кітапханашысы Төлегенова Нұрсәуленің  ГРАН-ПРИ  иеленгені  ерекше қуантарлық жағдай болды.

«Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен «Рудныйдың ОКЖ» ММ  директоры Александренко Л.А.  марапатталып, сондай-ақ Лариса Анатольевна  Алматы қаласында өткен  Жалпы Қазақстандық «Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік мәдени институты» семинарына қатысып  «Кітапхана заманауи әлемде: дәстүрлер мен инновациялар» секциялы сабақтарының бірінде Рудный қаласының кітапханалық тәжірибесі баяндамасын  оқыды.

ҚР мәдениет және спорт Министрі А.Мұхамедиұлының «Құрмет грамотасы» А. А.Полухинаға табысталды.

РОКЖ жетістіктерінің тағы бірі Астана қаласында өткен «Рухани қазына» мәдениет және өнер саласы қызметкерлеріне ұйымдастырылған фестивалда «Аудандық (қалалық) деңгейдегі үздік кітапхана қызметкері» атағына ие болған Ибжар Г. Ж. Қостанай облысының  әкімі А. Мухамбетовтың  мақтау қағазымен марапатталды;

Семинар барысында мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының инновациялық үлгілерімен  әдістерін жүзеге асыруды ұсына отырып 2019 жылға приоритетті бағыттар көрсетілді, 2019 жыл  – Қазақстанның Өзбекстандағы жылы және ҚР жастар жылы болып белгіленді, Рудныйдың ОКЖ «Ұлы дала тарихы» жобасы аясында  кітапханалар жұмысы (Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру бойынша) және Жалпықалалық жарнама-ақпараттық  кітапханалық акция – Халықаралық кітап күніне арналған «Сіздер үшін біздің жүрегіміз бен есігіміз ашық» ашық есік күні.

Семинарда РОКЖ директоры Александренко Л.А., балалармен жұмыс бойынша директордың орынбасары  Ибжар Г.Ж. Кітапхана филиалдары мен ОҚК бөлімдерінің меңгерушілері, кітапхана мамандары қатысты.

Семинар ұйымдастырушысы – ОҚК әдістемелік-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Городничая С.В.

Семинар бағдарламасы  қызықты да маңызды өтті. Үздік ұжымдар мен жұмысшылар дипломдармен, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау салтанатын «Рудныйдың ОКЖ» ММ директоры Александренко Л.А. және кәсіподақ ұйымының төрайымы  Ненашева Ю.В.жүргізді.  «2018 жылдың Үздік кітапханасы» Орталық қалалық кітапханаға, «ОҚК – кітапханалар күні қалалық кітапханалар конкурсының қорытындысы бойынша Гран При № 8 кітапхана филиалына, сонымен қатар: «Дәстүрді сақтаушылар» – № 11 үлгілеу кітапханасына, «Creative» – № 13 кітапхана филиалына, «Тұңғыш ашушылар» – № 6 кітапхана филиалына бұйырып, Рудныйдың ОКЖ мақтау қағазы Говорова Г.Н. табыс етілді.

Семинарды қорытындылай келе, кітапханалар зор интеллектуалдық пен рухани байлықты игере отырып, адамдарға білім мен ақпарат әлеміне кітап арқылы терезе ашып беріп, өзін-өзі оқыту мен рухани дамуға мүмкіндік береді.

Кітапхана – бұл қаланың  әртүрлі ұжымдары мен тұрғындарының біргелікте серіктестік жасайтын  коммуникациялы қоғамдық алаң.

Кітапхана жұмысындағы басты мақсат, бұрынғыдай өскелең ұрпақты оқуға шақырып, жоғары буын өкілдері мен біздің қаламыздың жұмысшылары арасында оқырмандық белсенділікті арттыру.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика