«Конституцияға сәйкес» құқықтық білім сағаты

«Конституцияға сәйкес» – құқықтық білім сағаты жастарға арналған «Ақпараттықмарафон» циклі аясында 27 тамыз күні Қашар кентіндегі №11 моделді кітапхана-филиалында өткізілді.
Іс-шара қонақтары – кітапхана ұжымы және «Азамат» АНТ мүшелері болды.
Мақсаты: ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен, ҚР азаматтарының құқықтары мен міндеттерін таныстыру, патриоттық сезімге және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Еліміздің тарихында маңызы зор атақты актілер: «Қасым ханның қасқа жолы» (16 ғ.), Тәуке ханның «Жеті жарғысы» (17 ғ.), «Алаш» үкіметінің конституциялық жобалары және 1917, 1926, 1937, 1978 жылдардағы Конституциялар туралы аталып өтті.
Сонымен қатар, «ҚР Конституциясы» атты слайд-тұсаукесері және кітап көрмесі 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституцияның парақтарына саяхат жасай отырып, қоғамдық келісім жән саяси тұрақтылық, халықтың экономикалық өсуі, Қазақстандық патриотизм және демократиялық басқару әдістері туралы материалдар қатысушылардың назарына ұсынылды.
Іс-шара соңында «ҚР Конституциясының жалпы ережелерін білеміз» тақырыбында блиц-турнир өткізіліп, «Благодарен будь Отчизне…» өлеңімен аяқтады.
Іс-шара диалогке құрылып, танымдық материалдарға толы болды.
26 адам қатысты.

Leave a Reply

Яндекс.Метрика