«Жүректі әуенге толтыра» – осындай атаумен Орталық қалалық кітапханада «Тағдырлар мен таланттар галереясы» циклындағы бардова әндеріне арналған ретро – кеш өткізілді. Оқу залы осы жанрды сүйетін көрерменге лық толды!
«Жүректі әуенге толтыра, мереке орнатамыз…» – Юрий Визбордың осы өлең жолдары кешке арқау болды. Залда мереке орнады. Кітапхана қонақтары «Дилижанс» тобының мүшелері : клуб президенті Елена Дёмина, автор-орындаушы Светлана Найчук, Иван Дёмин және Виктор Ильиндер болды.
Музыканттарға залда лирикалық атмосфера орнатудың орайы туды. Гитарамен бірге бардова әндерінің классиктері – Юрий Визбор, Булат Окуджав, Олег Митяев, Юрий Кукин және басқалардың әндері шырқалып, залды өзіне баурап алды. Светлана Найчук рудныйлық ақындар В. Кейдия және Л. Каргапольцевалардың сөздеріне жазылған әндерін тыңдарман қауымға паш етті.
«Дилижанса» клубының фестивалдық тәжірибелері мол мүшелері (олардың көбісі авторлық әндер фестивалдерінің жеңімпазадары мен жүлдегерлері), әртүрлі туристік саяхаттармен фестивалдарда орындалған әндер мен алған әсерлерімен бөлісті.
Бардова әндерінің ерекшелігі неде? Себебі ол тек қана СССР мәдени өмірінде емес, сонымен қатар жарты ғасыр бойы өнердің кеңестік кеңістігіндегі бұқаралық және демократиялық түрі болып қалды.
20 ғасырдың 60 – жылдарындағы бардова өнерінің дамуы жайында кеш жүргізушісі Ирина Журавлева әңгімелеп берді. Онымен бірге көрермендер бардова әндерінің тарихына саяхат жасады. Осы жанрдан бастау алғандардың атаулары еске алынды: Булат Окуджав, Юрий Визбор, Юлий Ким, Владимир Высоцкий, Александр Галич, заманауи авторлардың жаңа атаулары ашылды.
Әртүрлі фотолар мен бейнематериалдар пайдаланылған электронды таныстырылым жүргізуші сөзінің айғағы болды. Атап айтар болсақ, көрермендердің назарын аты аңызға айналған Грушинский фестивалінің тарихы ерекше аудырды.
Кеш соңында өздерінің ыстық ықыластарын білдірген көрермендер «Дилижанс» клубының мүшелеріне және мереке сыйлаған кеш ұйымдастырушыларына алғыстарын жаудырып жатты.