Тарихи бейне-панорама «Түрлі заман шекаралары – Эпоха обретения границ»

«Түрлі заман шекаралары.Эпоха обретения границ» – тарихи бейне -панорама, Орбұлақ шайқасының  375 жылдығына арналып Қашар кентіндегі №11 кітапхана филиалында 27 ақпан күні  болып өтті.

«Патриоттық  өз жеріңе, өлкеңе, өз ауылыңа,

отаныңа деген  сүйіспеншіліктен  басталады…»

– ҚР Президенті  Н.А.Назарбаевтың

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан.

Қатысушылар 1643 жылы Жәңгір хан және Жалаңтөс батырлар бастап Эрдэн-Батур әскерін жеңген,  қазақ-жоңғар соғысқан  Орбұлақ шайқасы туралы білді. Тұңғыш рет  Қазақстанның әскери тарихында қазақ әскерлері қарсыластарына бұрын соңды болмаған  бүркіт тәсілдерін қолданып,  жауларын  ойсырата  жеңді.Фортификациялық  қорғаныстарды қолданды. Қарсыластарына  бүркенге  ордан  оқ жаудыра тұрып, Жәңгір әскерлері  Жоңғарды ұстады. Бұл жаңаша әдістердің барлығына төтеп беретін  шабуылдың  басқа жолын таба алмаған  жоңғар  әскерлері  амалсыздан  арттарына қайтуға  мәжбүр болды.  Орбұлақ  шайқасы қазақ  батырларының  ерлігінің, батырлығы  мен  әскери шеберлігінің үлгісі болды.

Заманауи тарихшылар  В.З.Галиева және  А.К.Кушкумбаевтардың  жаңа кітаптарымен таныстыруға бағыттала отырып, мультимедиялы таныстырылыммен сүйемелденді. Ұсынылған  дерек көздерінде әскербасы, қолбасшы  Жәңгірханның  мықтылығы жайында, әскери жүйенің түпнұсқасы, ғасырлар бойы Ұлы дала үшін күресе білген  әскери саясатпен қамтамасыз етілген көшпенді халық  жайында    айтылады. «Эпоха обретения границ» құжатты фильмі,  «Орбулак шайқасы»  бейнесюжеті  көрсетілді.

Қорытындылай келе , заманауи Қазақстанда  жасап жатқан бізге ата-бабаларымыздың  тарихи  тәжірибесіне мән беріп, қызыға көз салуымыз керек екендігі айтылды. Кез келген ұлт пен мемлекеттің  қуатты қозғалысы – халқының  патриоттық  сезімі болып қала бермек.

№1 орта мектебінің 10 сынып оқушылары қатысты (34 адам).

 «Орбұлақ шайқасы» электронды папкасы жасалды (Мазмұны: сценарий, мультимедиялы тұсаукесер, өткізілген іс-шараның фото  есептері )

Leave a Reply

Яндекс.Метрика